Петропавлда өртенген үйден ер адамның денесі табылды

0
613

Өрт орнында 7 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.


Петропавлда өртенген үйден ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Петропавлда өртенген үйден 1968 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін Петропавл қаласында, Новопавловка кентінде саяжай үйінде өрт болды, салдарынан шатыры құлады.

Өрт орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

12-17 сағатта өрт оқшауланды, сағат 12-32-де жойылды. Өрт орнында 7 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.