Петропавлда төтенше жағдай жарияланады

0
393

Биыл 20 наурыз күні жылу орталығының алып мұржаларының бірі опырылып құлаған болатын.


Петропавлда төтенше жағдай жарияланады

ERNUR.KZ. Петропавлда 2-ші Жылу электр орталығында болған апатқа байланысты техногендік төтенше жағдай жарияланбақ, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Төтенше жағдай жариялаудың мақсаты – Петропавл 2-ші ЖЭО болған апат салдарын жою», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, биыл 20 наурыз күні жылу орталығының алып мұржаларының бірі опырылып құлаған болатын. Үйіндінің астында қалған жұмысшы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, орталық директоры мен бас инженері қамауға алынды. Тергеу амалдары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Құлаған мұржаның үйінділері 1300 шаршы метрге дейін шашылған еді. Оны алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын басшылығы оны тамыз айына дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар қондырғылар жөнделуде. Соныі әсерінен қысым төемендеп, қаланың кей аудандары ыстық сусыз қалды. Кәсіпорын өкілдері келер аптада бәрі қалыпқа келетінін айтып сендірді.
Петропавл жылу орталығының мұржалары 9 жылдан бері тексерілмеген. Талапқа сай мұндай қондырғылардың жағдайы әр 5 жыл сайын сараптамадан өтуі тиіс. Соның салдарынан кәсіпорында өткен жылыту маусымында бірнеше рет апат болды. Қондырғылардың 60 пайызы тозған. 18 млрд теңгеге кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.