Петропавлдағы алапат өрт ауыздықталды

0
786

7 мамырда сағат 18:57-де өрт басталған.


Петропавлдағы алапат өрт ауыздықталды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы алапат өрт 8 мамырға қараған түні ауыздықталды, алайда салдарынан тоғыз үй өртенді, - деп жазады Tengrinews.kz.

СҚО ТЖД мәліметінше, 7 мамырда сағат 18:57-де өрт басталып, қамыстан жақын маңдағы үйлерге тарап, салдарынан 9 ғимаратты - жеті тұрғын үй мен екі нысанды, 540 шаршы метр аумақтағы "Сервис Вектор" ЖК гаражын және үш автобусты шарпыған. 40 адам, оның ішінде тоғыз бала эвакуацияланған.

Айта кетейік, сағат 21:55-те өрт ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.