Петропавлдағы әйел мен екі баланың өлімі: марқұмның күйеуі күдікке ілінді

0
443

Ер адам өрт кезінде терезені шағып, өзі шығып кеткен.


Петропавлдағы әйел мен екі баланың өлімі: марқұмның күйеуі күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Петропавлда өртеніп жатқан үйден өзі шығып, әйелі мен екі баласы қалып кеткен ер адам күдікке ілінді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, ер адам өрт кезінде терезені шағып, өзі шығып кеткен. Ер адамның сөзінше, ол 20 жастағы әйелі мен екі баласын алып шықпақ болған. Алайда артынша әйелі мен екі баласы сол үйде өлі табылған.

"Сол күні қылмыстық іс қозғалып, полиция департаментінің тергеушілеріне берілген. Ол кезде өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - дейді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобының басшысы Евгений Журавлев.

Полицейлер әйел адам мен екі баланың өлімінің артында қылмыс әрекеті жатқан болуы мүмкін екенін айтып отыр. Іс "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабынан "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабына ауыстырылған. Полицияда өзге деректерді әзірге жарияламады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қосымша сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 25 қыркүйекте болған. Өртсөндірушілер жеке үйден шыққан өртті сөндіру барысында үш адам өлі табылғанын айтқан. Олар 2003 жылы туған әйел, 2022 және 2018 жылы туған балалар.