Петропавлдағы шабуыл: Қазақстанның барлық мектебінде тексеру жүргізіледі

0
565

Бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.


Петропавлдағы шабуыл: Қазақстанның барлық мектебінде тексеру жүргізіледі

ERNUR.KZ. Петропавлдағы шабуылдан кейін Қазақстанның барлық мектебіндегі қауіпсіздік тексеріледі, деп жазады tengrinews.kz.

Білім министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылғаны хабарланды. Оның құрамына Балалар құқығын қорғау комитеті, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, СҚО Білім басқармасының өкілдері кірген.

"Айта кететін жайт, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі орнатылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұл ретте облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерде қауіпсіздікке тексеру жүргізу тапсырылған.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.