Петропавлдағы жылу электр станциясында 21 жастағы жұмысшы қаза болды

0
463

Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған, алайда 7 қарашада алған жарақаттарынан қаза болған.


Петропавлдағы жылу электр станциясында 21 жастағы жұмысшы қаза болды

ERNUR.KZ. Петропавлда ЖЭО-2-де монолитші өндірістік жарақат алып, қаза болды, деп жазады tengrinews.kz.

Аталған дерек Петропавл полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) тіркелді.

Соталды тергеу барысында 5 қарашада жылу электр станциясында 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған, алайда 7 қарашада алған жарақаттарынан қаза болған.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ, жұмысты орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі анықталады", - делінген хабарламада.