Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер досына о дүниеден сәлем жолдады

0
816

Бейтаныс қыздың айтқан сөздері оған қатты әсер еткен.


Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер досына о дүниеден сәлем жолдады

Қазақстандық актер, каскадер Ерден Телемісов өзінің досы, бұдан біраз уақыт бұрын бақилық болған Мұрат Мұқашевтың о дүниедеден сәлем жолдағанын айтты. Басынан өткен ерекше оқиға жайлы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Кездейсоқ бір қызды кездестіріп қалдым. Өзім танымайтын бір қыз маған келіп, амандасып, содан кейін өтіп кетіп, жолыма қарап, қайтадан бұрылып жаныма келді. Сонда көзінен жас аққанын байқадым", - дейді актер.


Айтуынша, бейтаныс қыздың айтқан сөздері оған қатты әсер еткен.


"Содан кейін қыз: "Білесіз бе, жақында көз жұмған сіздің досыңыз Мұрат Мұқашев түсіме кірді. Ол түсімде сізге сәлем айтуымды сұрады" деді. Маған бұл нәрсе қатты әсер етті. Осыдан кейін он, он бес минут өзімді жайсыз сезіндім. Кофе ішіп, өзіме келдім. Бірақ одан кейін бақыт сезіндім. Соңғы күндері қайғырып жүрген досың, бауырың саған аяқ-асты сәлем жолдағаны, ерекше оқиға.

Ол қыз негізі қаланың басқа шетінде тұрады екен. Бұл жерге көп келе бермейді. Forum мен тұратын жерде екі-үш көшедей аралық бар және мен ол жаққа аяғыма шәркей киіп кетіп қалғанмын. Неге екенін білмеймін, Forum-ға тартып кеттім. Сол кезде біз кездесіп қалдық. Міне енді, сторис түсіріп, Facebook-ке осы оқиға жайлы пост жарияладым.

"Мұраттың бір жерде бар екені сондай ғажап! Осы арқылы өзінде бәрі жақсы екенін бізге хабарлап отыр", - дейді ол.

Осы хабарды Ерден Телемісовке жеткізген Марина есімді қыз өзінің әлеуметтік желісіне де осы жағдай туралы бөліскен.

"Менің түсіме танымал актер кірді, ол тағы бір басқа танымал адамға, медиада жүрген кісіге сәлем айтуымды сұрады. Әрине, мен жазып, хат жазған жоқпын. Бірақ, жаңа ғана аяқ-асты сол кісіні қалада көріп қалдым", - дейді қыз.

Айта кетейік, Nomad Stunts командасының танымал актері және каскадері Мұрат Мұқашев 5 шілдеде қайтыс болды.