Полицей аң аулау кезінде танысын байқаусызда атып жіберген

0
534

Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.


Полицей аң аулау кезінде танысын байқаусызда атып жіберген

Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

3 қыркүйекте Хромтау ауданының кезекші бөліміне бір ер адам аң аулау кезінде өзінің танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.