​Полицей көлігімен адам қағып, мерт қылды

0
1 034

Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды.


​Полицей көлігімен адам қағып, мерт қылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында полицей ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қыркүйек сағат 00.51-де Қарағанды - Шахтинск автожолында Шахтинсктан сегіз шақырым жерде болды.

"BMW 525 автокөлігінің жүргізушісі, ІІМ Қарағанды облысы бойынша МКҚБ (Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы) батальонының 28 жастағы полицейі Шахтинсктің 25 жастағы тұрғынын қағып кетті", - деп хабарлады ІІД мамандары.

Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.