Полицейлер тау арқарын атқан броконьерді қолға түсірді

0
875

Браконьердің аң аулауы мемлекетке 12 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі мәлім болды.


Полицейлер тау арқарын атқан броконьерді қолға түсірді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция басқармасының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызыл кітапқа енген жануар-арқарды өлтірген Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады polisia.kz.

Ұсталған азамат Мойынқұм ауданының тауларында тыйым салынған кәсіппен шұғылданғанын мойындады.

Сот-биологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес браконьердің аң аулауы мемлекетке 12 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі мәлім болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды .