Полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтіруі мүмкін күдіктіні анықтады

0
417

Ұсталғандар қылмысын мойындады.


Полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтіруі мүмкін күдіктіні анықтады

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы өлтірген болуы мүмкін деген күдік келтіріліп отыр, деп жазады inform.kz.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды.

Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.

Осыған дейін Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылғанын жазған болатынбыз.