Полиция Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесіне қатысты түсініктеме берді

0
930

Видеодан диванда отырған қыз телефон тұтқасын қойғаннан кейін қасындағы қыздардың оны жабылып ұра бастағанын көруге болады.


Полиция Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесіне қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде талдықорғандық оқушы қыздардың төбелескен видеосы тарады, деп жазады ulysmedia.kz.

Видеодан диванда отырған қыз телефон тұтқасын қойғаннан кейін қасындағы қыздардың оны жабылып ұра бастағанын көруге болады.

Төбелестің нақты не үшін болғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Төбелескен жасөспірімдердің кім екендері анықталып, олардан жауап алынды.

Оқиға 9 қаңтар күні болған. Кәмелетке толмаған қыздар облыс орталығы мен Қаратал ауданының оқушылары болып шыққан.

«Жәбірленуші қыз өз өкілімен (әжесімен) бірге полицияға ресми өтініш беруден үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, ӘҚБтК-нің 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Бұдан басқа, қол қойған күдіктілерге арналған материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді», - делінген хабарламада.