Президент Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады

0
875

Тоқаев Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.


Президент Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.

Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.