Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімін ұзартты

0
1 831

Квазимемлекеттік сектор саласында компаниялар құруға байланысты бұған дейінгі мораторий 2020 жылдың соңына дейін белгіленген болатын.


Президент квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімін ұзартты

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлықта:

«1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін» деп жазылған.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2019 жылы Мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту жəне жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.