​Президент стипендиясы кімдерге берілді?

0
1 676

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды.


​Президент стипендиясы кімдерге берілді?

ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

"2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген өкімде.

Осылайша 2018 жылы Тұңғыш Презиент стипендиясын ақын Күләш Ахметова, жазушылар Олжас Сүлейменов пен Сәбит Досанов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, әртіс Асанәлі Әшімов, актриса Самал Еслямова және тағы да басқалары алды.