Президент Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды

0
1 130

Енді бұл қызметті Асқар Бейсенбаев атқаратын болады.


Президент Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - деп жазылған құжатта.

Енді бұл қызметті Асқар Бейсенбаев атқаратын болады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.