​Президенттер екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады

0
1 502

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.


​Президенттер екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорданың баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның Президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.