​Президенттің мемлекеттік наградаларын кімдер алады?

0
1 441

Награда иелеріне Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады.


​Президенттің мемлекеттік наградаларын кімдер алады?

сурет:kaztag.info

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыстау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, делінген Қаулыда.

Назарбаевтың наградасы –

  • «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызына;
  • Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы «Шәушен» ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына;
  • Шымкент қаласындағы «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Соловьева Алина Робертовнаға табысталады.

Жарлық мемлекет басшысының қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.