Прокуратура тұрғын үй салу кезінде қаржы жымқыру дерегін анықтады

0
1 163

50 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған.


Прокуратура тұрғын үй салу кезінде қаржы жымқыру дерегін анықтады

Ақмола облысының прокуратурасы тексеру барысында құрылысы талапқа сай келмейтін үйді пайдалануға беру дерегін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Көкшетау қалалық сотының үкімімен 50 млн теңгеден астам қаржы жымқырып, тапсырыс берушінің өкілі ретінде үйді қабылдап, мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін ақша төлеген құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды.

Осылайша, аталған тұлғаларҒден астам сомаға жобаланған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйке келмейтін, яғни кемшіліктері мен ауытқулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады.

Прокуратураның тексеру материалдары тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған қылмыстық кодекстің 189 бабының 4 бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сотта соттталушылардың кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар, үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.