Путин: Одақтастардың ішінде бізге ең жақыны - Қазақстан

0
568

Ол егемендікті нығайту жайлы айтты.


Путин: Одақтастардың ішінде бізге ең жақыны - Қазақстан

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Ақордада мемлекет басшыларының кеңейтілген құрамдағы кездесуінде ұлттық қызығушылық жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Біз жаңа шағын құрамда қаржылық өзара байланыс туралы айттық. Біз қазіргі дағдайға байланысты барлық қиындықтарды түсініп отырмыз. Ұлттық қызығушылықтардың басымдықтарды ескере отырып ешқандай халықаралық міндеттерді бұзбай ұлттық мүдде үшін қызмет ете аламыз. Осылайша, халықаралық аренада егемендігімізді нығайтамыз. Кез келген ел үшін егемендік мәселесі маңызды. Жоғары технология саласындағы білім сияқты мемлекеттің тұтастығындағы, ұлттың болашағындағы егемендік мәселесі өте маңызды», - деді Путин.

Оның айтуынша, халықтың қызығушылығы мен ұлттық қызығушылық әркез басымдыққа ие болуы керек.

«Біз Ресейде осы ұстаным бойынша жұмыс істейміз. Біздің одақтастарымыз да, оның ішінде Қазақстан да… Қазақстан өздігінен одақтастардың ішіндегі ең жақыны. Біздің қарым-қатынас дәл осылай қалыптасып отыр»,- деді Владимир Путин.