«Пышақтап, үйін өртеп кеткен: «Арселор МитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты сот өтіп жатыр

0
498

​Ерлі-зайыпты 20 жылға сотталуы мүмкін. Дегенмен олар кінәсін мойындамай отыр.


«Пышақтап, үйін өртеп кеткен: «Арселор МитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты сот өтіп жатыр

фото: кадрдан алынды

Қарағандыда бұрынғы "Арселор МитталТеміртау" компаниясының заңгерін өлтірді деген күдікке ілінген ерлі-зайыптыға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Күдіктілер Ирина Эмді өз пәтерінде пышақтап, қылмысты жасыру мақсатында баспанаға өрт қойып кеткен.
53 жастағы Сергей Жданов марқұмның көршісі. Ал 45-тегі Ольга Романова оған жиі келіп, арақ ішкен кездерде қонып та қалады екен.
Жантүршігерлік қылмыс сәуір айында болып, шағын ғана Шахтинскті дүрліктірді. Тергеу мәліметінше марқұмға көршісі қарызға ақша сұрай кірген. Көңілдесінің көрші келіншекке кіргенін көтере алмаған Ольга Иринаға пышақ сұққан екен. Кейін Ждановтың өзі де сегіз жерінен пышақтаған. Демі үзілді-ау дегенде диванға жатқызып от қойыпты.
Марқұмның қызының сөзінше, үйден 400 мың теңге жоғалған. Сот алқа билер қатысуымен өтіп жатыр. Ерлі-зайыпты 20 жылға сотталуы мүмкін. Дегенмен олар кінәсін мойындамай отыр.