QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы Еркін Наурызбаев өз қызметінен кетті

0
393

De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Әнесұлы Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды.


QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы Еркін Наурызбаев өз қызметінен кетті

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 29 ақпанда Еркін Наурызбаев "QAZAQ AIR" АҚ Басқарма төрағасы қызметін аяқтады, деп жазады zakon.kz.

De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Әнесұлы Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы. Еркін Әнесұлының авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.

Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді. 2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді.

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Мұратұлы Жақыповқа жүктелді.