Рахат Тұрлыханов әйеліне қол жұмсағаны үшін жауапқа тартылды

0
695

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Рахат Тұрлыханов әйеліне қол жұмсағаны үшін жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарады, деп жазады inform.kz.

Сотпен анықталғанындай, өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын айтты.

«Сот қаулысымен Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады қалалық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.