Рашид Жақыпов ІІМ орынбасары қызметінен босатылды

0
734

Рашид Жақыпов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне 2014 жылдың 29 қыркүйегінде тағайындалған болатын.


Рашид Жақыпов ІІМ орынбасары қызметінен босатылды

фото: ашықдереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповты отставкаға жіберу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", деп жазылған Ақорда сайтында.