Ресейден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 19,7%-ке қысқарды

0
598

Қытайдан келген инвестиция көлемі 22,4% -ке (1,4 млрд АҚШ доллары) азайды, ал АҚШ-тан – 81,9%-ке өсіп, 5,1 млрд АҚШ долларына жетті.


Ресейден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 19,7%-ке қысқарды

ERNUR.KZ. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ресейден Қазақстанға тікелей құйылған инвестициялардың жалпы ағыны 19,7%-ке қысқарып, 1,5 млрд АҚШ долларын құрады, деп жазады sputnik.kz.

Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша Қытайдан келген инвестиция көлемі 22,4% -ке (1,4 млрд АҚШ доллары) азайды, ал АҚШ-тан – 81,9%-ке өсіп, 5,1 млрд АҚШ долларына жетті.
"Біздің экономикамыздың донорлары болып саналатын он ел – Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Украина, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия. Белгілі себептермен Ресейді қоспағанда, барлық дерлік елде өткен жылы өсім байқалды", - деді ол.
2022 жылы Қытайдан келетін инвестицияның азаюы коронавирус пандемиясына байланысты болды, деп атап өтті Айдаров.
"Бұл ковид шектеулеріне байланысты болды. Ал Ұлыбританияда 35 пайызға азайды. Ал қалған елдердің барлығында айтарлықтай өсім байқалды", - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.