Ресейдің әуе кеңістігінің жабылуы Қазақстанға $1,5 млн табыс әкеледі

0
424

Бүгін Қазақстанның әуе кеңістігіндегі рейстердің жалпы саны үш еседен астам ұлғайды.


Ресейдің әуе кеңістігінің жабылуы Қазақстанға $1,5 млн табыс әкеледі

ERNUR.KZ. Ресей үшін жабылған әуе кеңістігі Қазақстан үшін жаңа табыс көзіне айналды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бүгін Қазақстанның әуе кеңістігіндегі рейстердің жалпы саны үш еседен астам ұлғайды. Бұл 450-ден астам рейс деген сөз. "Қазаэронавигация" РМК мәліметінше, әуе кеңістігін басқару жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр және қазіргі жүктемелерді кедергісіз орындауға мүмкіндік бар.

"Қазаэронавигация" РМК диспетчерлік құрамы жұмыс көлемін ұлғайтуға дайын", – деп жазады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Қазаэронавигация" мамандары жүктеменің артуы көрсетілетін қызметтің сапасына кері әсер етпейтініне сенім білдірді.

"Барлық рейстерге уақтылы және сапалы қызмет көрсетілетінін мәлімдейміз. Біздің басты міндетіміз –қауіпсіз және үздіксіз әуе қозғалысын қамтамасыз ету", - деп жазылған мәліметте.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, аэронавигациялық қызмет көрсету саласында РФ-ға қатысты санкцияларды енгізуден қаржылық шығындар болжанбайды.

"Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға Оңтүстік бағыт бойынша рейстер санының артуы Қазақстанның айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс табуына мүмкіндік береді", – деп түсіндірді ведомство.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша 32 мемлекет өз аумағында Ресей ұшақтарының ұшуына тыйым салды.