Ресми өкіл елде қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты

0
501


Ресми өкіл елде қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Коронавирустың екінші толқыны кезіндегі ең нашар сценарийді білгім келеді", - деп сұрады журналист.

Бағдат Қожахметов бүгінде Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі ауруханаларға бір мезгілде 70 мыңнан аса төсек-орындар орналастыра алатынын атап өтті.

"Бұл қатты қызыл дабыл түрі. Егер орташа есеппен 500-600 жұқтырған адам анықталғанын көрсек. Егер бұл көрсеткіш 30 мыңға жетсе, онда бұл елдегі карантиндік шаралардың қатаң белгісі болады", - деді Қожахметов.