Республикалық педагогтар байқауы басталды

0
459

Байқау материалдары 2024 жылдың 22 қаңтар мен 13 ақпан аралығында қабылданып, қорытындысы 23 ақпанда жарияланады.


Республикалық педагогтар байқауы басталды

Байқау материалдары 22 қаңтар мен 13 ақпан аралығында қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒП институты «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» сабақтарын өткізетін педагогтердің қызметін ынталандыру мақсатында «Педагогтер мен ата-аналар: балалардың қызығушылығы негізіндегі ынтымақтастық» республикалық байқауын өткізеді.

Байқауға қатысушылар қатысушының таңдауы бойынша бастауыш, негізгі және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ әзірлемесін (әзірлеме мәтіні, презентациясы, бейнеролик – сабақ туралы қатысушының пікірі) жіберуі керек.

Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушылар қатысушы сертификаттарын алады.

Байқау материалдары 2024 жылдың 22 қаңтар мен 13 ақпан аралығында қабылданып, қорытындысы 23 ақпанда жарияланады.