Режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды

0
1 532

Режиссер 1986 жылдың желтоқсанындағы қайғылы оқиғаларға арналған "Аллажар" көркем фильмін түсірген.


Режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды

Қазақстандық режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазақфильм" киностудиясына сілтеме жасап.


"Қазақфильм" киностудиясының басшылығы мен ұжымы және Қазақстан кинематографистер одағы кинорежиссер Қалдыбай Әбеновтің қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыларына ортақтасады", - деп жазылған киностудияның Facebook-тегі ресми парақшасында.


Қалдыбай Сейітбатталұлы 1951 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келді.

1986 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссура бөлімін бітірді "Профессор Юрий Озеровтың шеберханасында" білім алды. Оқу кезінде жеті қысқа метражды фильм түсірді.

"Лейтенант Батырхан" және "Шәкәрім" деректі фильмдерінен кейін, 1986 жылдың желтоқсанындағы қайғылы оқиғаларға арналған "Аллажар" көркем фильмін түсірді.