Режиссер Қуаныш Бейсеков "Қазақфильм" басшысының кеңесшісі болды

0
309

Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.


Режиссер Қуаныш Бейсеков

ERNUR.KZ. "Ирина Кайратовна" тобы бейнебаяндарының бұрынғы бас режиссері Қуаныш Бейсеков "Қазақфильм" президенті Азамат Сатыбалдының кеңесшісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар", - деп жазды Азамат Сатыбалды.