Риддердегі жылу орталығында өрт салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр

0
1 056

22 адамнан тұратын бригадалар бір-бірін алмастырып, жұмыс кестесіне сәйкес өз учаскелерінде еңбек етеді.


Риддердегі жылу орталығында өрт салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында өрт салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп жазады inform.kz.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығында өрт шыққан отын цехын қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр. 22 адамнан тұратын бригадалар бір-бірін алмастырып, жұмыс кестесіне сәйкес өз учаскелерінде еңбек етеді.

«Жұмысқа өңірдегі ЖЭО-лардың, құрылыс фирмаларының және «Қазмырыш» компаниясының үздік қызметкерлері тартылды. Қалпына келтіру жұмыстары бір минутқа да тоқтамады», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Жүйедегі температураны көтеру үшін мазутқа ішінара қатты отын қосылған.

«Осыған дейін айтқанымдай, үш күннің ішінде отын цехының жұмысы қалпына келтіріледі. Риддер ЖЭО-дағы жұмыстардың барысын орынбасарым сол жерде толықтай басқары жүрп. Ал, орталық иелерінің бірде-біреуі ол жерге тіпті келген жоқ», - дейді аймақ басшысы.

Еске салсақ, 19 қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шыққан болатын.

Бірнеше сағаттың ішінде қызыл жалын ауыздықталды.