Риэлторлық компания астаналықтарды тақырға отырғызып кетті

0
364

Астанада, шамамен, 7 адам дәл осы компанияға алданған. Іс жүзінде бұдан да көп болуы мүмкін.


Риэлторлық компания астаналықтарды тақырға отырғызып кетті

ERNUR.KZ. Астанада риэлторлық компания бір топ адамды алдап кетті. Қала тұрғындары қыруар қаржысынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Алданғандардың арасында 65 жастағы Сандуғаш Қабиденова да бар. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз делдалдардың қармағына ілігемін деп ойламаған. Қала маңындағы үйін сату үшін желіге жарнама қалдырған. Ал компания риэлторы "үйіңізді бір айдың ішінде сатып береміз" деп уәдені үйіп төгіп, ақыры келісімшартқа қол қойғызған. Бірақ бұл уақыт аралығында үй сатылмайды.
Амалы таусылған баспана иелері келісімді әрі қарай создырудан бас тартып, өздері әрекетке көшкен. Сол кезде риэлторлар Сандуғаш Қабдиденованы сотқа берген. Шағымда риэлтор жұмысын пайдаланып, ақысын төлемеді деген айып тағылыпты-мыс. Енді үй иесі ешқандай көмек алмаса да 400 мың теңгеден аса шығын өтеуге мәжбүр.