Рудныйда мас ер адам балконнан оқ жаудырды

0
444

Ол қараусыз жүрген жылқыларды балконда тұрып атқан.


Рудныйда мас ер адам балконнан оқ жаудырды

ERNUR.KZ. Рудный қаласының полиция қызметкерлері балконнан жылқыларға оқ атқан адамды ұстады, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

"Рудный қаласында 22 тамызда сағат 17:30 шамасында өзінің екінші қабаттағы пәтерінің балконынан мас ер адам қараусыз жүрген жылқыларды пневматикалық тапаншамен бірнеше рет атты", деп хабарлайды Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.

32 жастағы ер адамнан пневматикалық тапанша тәркіленіп алынды. Жайылып жүрген жылқылардың иесін анықтау шаралары да жүргізіліп жатыр.

Оқыс оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.