Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша тергеу басталды

0
506

Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері жергілікті асханада уланып қалды.


Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша тергеу басталды

ERNUR.KZ. 20 сәуірде Рудный колледждерінің бірінде студенттер жаппай уланды – бірінші курстың 72 студенті жүрек айну мен құсу бойынша шағымданды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Zakon.kz.

Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері жергілікті асханада уланып қалды. Он адам ауруханаға жатқызылды.

Студенттердің жаппай шағым түсірді. Көбінің улану деңгейі жеңіл және орташа. Көбі амбулаториялық ем алып жатыр. Асқазанын шайып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне шығардық, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қостанай облысының полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.