Сәбиді қорапқа салып тастап кеткен әкесі болып шықты

0
3 428

Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы.


Сәбиді қорапқа салып тастап кеткен әкесі болып шықты

ERNUR.KZ. Атырауда қоқыс жәшігінен 8 айлық сәби табылған еді. Белгілі болғандай, сәбиді анасының азаматтық некедегі күйеуі тастап кеткен, деп жазады Stan.kz.

Сәбиді тұрғындар үйінің маңындағы қоқыс жәшігінен тауып алып, бірден полиция шақырыпты. Тәртіп сақшылары сәбидің денсаулығы дұрыс екенін тексеру үшін ауруханаға алып барған.

Артынша ұл баланың анасы табылды. Оның айтуынша, азаматтық некедегі күйеуінен баласын қарай тұруын сұраған. Алайда ішімдікке тойып алған ер адам сәбиді қоқыс жәшігінде тастап кетіпті.

Қазіргі уақытта сәби анасының жанында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда қоқыс жәшігінен 8-айлық сәбидің табылғанын хабарлаған едік.