Бала Атыраудың Сары-Арқа шағын ауданында кеше кешкісін табылған.
ERNUR.KZ. Атырауда қорапқа салынған 8-9 айлық бала табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қоқыс жәшіктерінің жанына тастап кеткен қораптан бала табылғаны жайлы әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлады. Бала Атыраудың Сары-Арқа шағын ауданында кеше кешкісін табылған.
Куәгерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы көрінеді, киімі таза, жанына тамақтандыруға арналған бөтелке салынған. Полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, баланың табылғанын растады. Өзге ақпараттар іс анықталғаннан кейін жарияланатын болады.