Сәбит Досанов дүниеден өтті – Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтты

0
267

Президентдраматургтің көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланғанын атап өтті.


Сәбит Досанов дүниеден өтті – Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады", – деп жазылған жеделхатта.
Президентдраматургтің көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланғанынатап өтті.
"Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Сәбит Досанов – көрнекті қаламгер, драматург, "Отан" орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты .