Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өз күшінде

0
406

Бас прокуратура оны өзгертуге негіз жоқ деп отыр.


Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өз күшінде

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өз күшінде. Бүгінде бұл шара сақталып отыр. Оны өзгертуге негіз жоқ", - деді Жандос Өмірәлиев.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр, деп жалғастырды спикер.

Еске салайық, осыған дейін Бас прокуратураның Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу ісін бастағанын жазған болатынбыз.