"Самрұқ-Қазына" құрамындағы 40 компания жекешелендіріледі

0
587

​​Олардың ішінде "ҚазМұнайГаз", Air Astana, QazaqGaz сынды компаниялар бар.


ERNUR.KZ. 2023 жылы "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорындағы 40-қа жуық компания жекешелендіріледі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, биыл және алдағы жылы "ҚазМұнайГаз", Air Astana және QazaqGaz сынды компаниялар IPO-ға шығарылады.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобындағы 40-қа шуық кәсіпорын жекешелендіріледі деп жоспарланып отыр. Олардың тізімі жақын уақытта жарияланады", - деді Үкімет басшысы кәсіпкерлермен кездесу барысында.

Әлихан Смайылов бүгінде "Самұрық-қазына" қорының тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сатып алу рәсімдерін жеңілдету, отандық бизнесті қолдау, оның ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы қолдау үшін реформалау бойынша шаралар әзірленіп жатқанын жеткізді.

"Ұлттық әл-ауқат қоры қоры мемлекет тарапынан әріптес бола отырып, белсенді тең инвестор болады және экономиканың басым салаларына бірінші кезекте отандық, сондай-ақ шетелдік жеке инвестицияны тартуға ықпал етеді. Біздің алдымызға қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру міндеті қойылған. Әлеуетті тауашалардың нақты артықшылықтарын ескере отырып, бизнестің, оның ішінде 40 млрд импорттың елеулі бөлігін алмастыру бойынша үлкен мүмкіндіктер бар", - деді Премьер-министр.