"Самұрық-Қазына" "Qazaq Air" әуе компаниясын сата алмады

0
425

"Самұрық-Қазына" қоры әуетасымалдаушыға шамамен 70 миллиард теңге инвестиция салғанына қарамастан, "Самұрық-Қазына" холдингіне шамамен 38 миллиард теңге қарыз.


ERNUR.KZ. "Qazaq Air" АҚ әуе компаниясын сату бойынша байқау өтпеді деп танылды, деп жазады stan.kz.

Ақпаратты "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2023 жылғы 18 тамызда жарияланған "Qazaq Air" АҚ акцияларының 49%-дан 100%-ға дейінгі бөлігін сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс жарамсыз деп танылды", – делінген хабарламада.

“Самұрық-Қазына” мәліметінше алдағы уақытта барлық талаптар сақтала отырып жаңа байқау өткізіледі.

Еске салсақ, "Qazaq air" әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылғаны туралы хабарлағанбыз. "Qazaq Air" АҚ басқарма төрағасы Еркін Наурызбаев компанияны жекешелендіру билет бағасына әсер ете алатынын айтты.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қоры әуетасымалдаушыға шамамен 70 миллиард теңге инвестиция салғанына қарамастан, "Самұрық-Қазына" холдингіне шамамен 38 миллиард теңге қарыз. Әуе компаниясы үкімет бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіруге жатады.