SCAT ұшағы Астана әуежайына қона алмай, қайтадан Алматыға ұшып кетті

0
874

Астанада ауа райы күрт бұзылды.


SCAT ұшағы Астана әуежайына қона алмай, қайтадан Алматыға ұшып кетті

ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығынан Алматыдан ұшқан SCAT ұшағы Астана әуежайына қона алмай, қайтадан Алматыға ұшып кетті, деп жазады inform.kz.

«Астанада боран соғып тұр және жол көрінбейді. Бүгін түнгі бірде ұшақ қайтадан Алматыдан ұшады деп жоспарланған. Экипаж ауа райының жақсарғанын күтіп отыр», — деп жауап берді SCAT команиясы агенттік сауалына.

Айта кетейік, Астанада ауа райы күрт бұзылды.

Атап айтқанда, бұрқасын көтеріліп, қар жауып тұр, желдің жылдамдығы 28 м/с жетті.

Осыған байланысты Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауын және абай болу керектігін еске салды.