Семейде әкесі 8 жасар қызын өзен жағасында ұмытып кеткен

0
550

Әкесі таныстарымен спирттік ішімдік ішкен.


Семейде әкесі 8 жасар қызын өзен жағасында ұмытып кеткен

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Полицейлерге қыздың туыстары 7 шілдеде түнгі сағат 23:00-де арызданып келген. Айтуларынша, 8 жасар қыз әкесімен өзенге кетіп, содан қайта оралмаған. Әкесі таныстарымен спирттік ішімдік ішіп, баласын қадағаламаған деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Арыз түсісімен полицияның жеке құрамы түгел, сондай-ақ ұлттық гвардия сарбаздары іздеу жұмыстарына кірісті.

«8 шілде күні таңғы уақытта қыз бала сол күні өзен жағасында болған әйел адамның пәтерінен табылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, анасының қолына тапсырылды», - делінген полиция таратқан хабарламада.