Семейде әйел адам қолына пышақ алып көшедегі адамдарды қорқытқан

0
786

34 жастағы әйел дереу полиция бөліміне жеткізілген.


Семейде әйел адам қолына пышақ алып көшедегі адамдарды қорқытқан

ERNUR.KZ. Суық қару ұстап, өткен-кеткен жұрттың зәресін алған нәзік жандының үстінен учаскені тексеріп жүрген полицейлер дөп түскен, деп жазады inbusiness.kz.

Неге екені белгісіз, ашуға булыққан әйелді дер кезінде тоқтатпағанда, қайғылы жағдай орын алуы да мүмкін еді дейді, куәгерлер.

34 жастағы бұрымды дереу полиция бөліміне жеткізілген. Сарапшылар оның қолындағы кездік, суық қаруға жатады деп қорытынды шығарыпты. Қазір оның мұндай әрекетке неліктен барғанды мен ақыл-есінің дұрыстығы анықталып жатыр.

- Қазір облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс шарасы жүріп жатыр. Мақсаты-құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу. Заң бұзушылықтарды анықтау. Қолына пышақ алып тұрғындарға қауіп төндірген азаматша осындай шара кезінде қолға түсіп отыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда-дейді Абай облыстық ІІБ баспасөз қызметі.