Семейде сәбиге бара жатқан жедел жәрдем бригадасы құтқарылды

0
575

Науқас бала мен анасы және медицина қызметкерлері қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.


Семейде сәбиге бара жатқан жедел жәрдем бригадасы құтқарылды

ERNUR.KZ. Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы үшін де өткен демалыс күндері мазасыз өтті. Кезекші бөлімге тұрғындар мен медицина қызметкерлерінен бірнеше қоңырау түскен. Құтқарушылар алдымен қала іргесіндегі Знаменка ауылындағы 4 айлық сәбиге көмекке бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жетті, деп жазады 24.kz.

Дәрігерлердің техникасы боранда қарға батып қалған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оларды қалың қарға арналған «МАРШ» көлігіне мінгізіп, 60 шақырымдағы ауылға апарған.

Мұнан кейін науқас бала мен анасын және медицина қызметкерлерін қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Құтқарушылар қаладан 70 шақырым жерде түн ішінде қыстауға жете алмай адасып кеткен шопанды да аман-есен тауып алды.

"Тас жолдан 3 шақырым жерде қатты бораннан жол таба алмай адасып жүрген шопанды құтқардық. Оны Семей қаласына жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырдық" - дейді Қайрат Сәкенов, қалалық ТЖБ құтқару жасағының жетекшісі.