Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталады

0
977

Чемпионат 1 мамырға дейін созылады.


Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталады

ERNUR.KZ. Бүгін Семей қаласында волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия чемпионаты басталады, деп жазады inform.kz.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, турнирдің ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Алтай» волейбол клубы мұрындық болып отыр.

«Сайыс Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтеді. Оған әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары бақ сынайды. Ел намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайды», - делінген мәліметте.

Чемпионат 1 мамырға дейін созылады. Алғашқы ойын Таиланд пен Өзбекстан құрамалары арасында өтеді.