Сенат мобильдік қосымшаны іске қосты

0
808

Қосымшаны орнату үшін AppStore (iPhone) немесе Play marketке (Android үшін) кіріп, Senate атауын іздестіріп, қосымшаны жүктеп, орнатып алуға болады.


Сенат мобильдік қосымшаны іске қосты

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Сенаты мобильдік қосымшаны іске қосты, деп жазады Елорда Инфо.

«Баршаға Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасының іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз. Senate мобильдік қосымшасы бізбен ыңғайлы әрі оңай қарым-қатынас орнату үшін жасалды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетін әрі уақытты бағалайтын жандарға арналған мобильдік қосымша. Сондай-ақ Сенаттың іс-шараларын көруге, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар», - делінген палатаның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қосымшаны орнату үшін AppStore (iPhone) немесе Play marketке (Android үшін) кіріп, Senate атауын іздестіріп, қосымшаны жүктеп, орнатып алуға болады.
«Бұл қызметтің одан әрі жетілдіріле беретінін де айтқымыз келеді. Сондықтан бұл әзірге сынақтама ретінде іске қосылып отыр. Бізге қосылыңыз!», - делінген аталған ақпаратта.