Сенат спикері президентке ұйымдастырылған қастандыққа қатысты пікір білдірді

0
485

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында президентке және бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерге қастандцық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін ұстаған болатын.


Сенат спикері президентке ұйымдастырылған қастандыққа қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев президентке қастандық ұйымдастырмақ болған шетел барлау агентіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Сенат кулуарында Әшімбаев тұтқындалған азаматтың аты-жөніне қатысты сауалға жауап берді.

"Telegram-арналарда осындай ақпарат тарағанын білемін. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растаған жоқ. Бізге оның кім екенін анықтау керек, әзірге ресми мәлімет алған жоқпыз. Сондықтан бұл адам туралы ақпарат ресми жарияланғанда, істің қалай және не үшін болғанын білеміз. Сол кезде бұл сұраққа жауап береміз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында президентке және бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерге қастандцық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін ұстағанын мәлімдеген едік.