"Шәйді қантпен емес, балмен ішемін" - министр Бақыт Сұлтанов

0
506

Елдегі сыртқы және ішкі саудаға жауап беретін министрдің айтуынша, "қант жоқ" деп айта беруге болмайды.


ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына байланысты мәселеге жауап беріп, өзінің қантқа қатты тәуелді емес екенін жеткізді, деп жазады Экспресс К.

Елдегі сыртқы және ішкі саудаға жауап беретін министрдің айтуынша, "қант жоқ" деп айта беруге болмайды.

"Халық "қант жоқ, жоқ" деген сайын дүкенге жүгіреді. Мен өзім 2 апта бұрын ірі сауда желісінен қант сатып алдым. Бір келісі 470 теңге еді, қазір бағасы 480 теңге. Жеке өзіме келетін болсақ, мен шәйға қант қоспаймын, балмен ішемін", деді Бақыт Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те бұл мәселеге қатысты ойын айтты.

"Қантты соңғы рет ірі сауда желісінен 620 теңгенің көлемінде сатып алдық. Үйдің қасындағы шағын дүкендерде 1 келі қант 1 мың теңгеге дейін баратынын да білеміз. Себебі оларға ол делдалдар арқылы жетеді. Ал шәйді мен қантсыз ішемін, деді Ербол Қарашөкеев.