Шахтинскідегі апаттан қаза тапқан 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі

0
316

Ұжымдық шартта бұдан басқа да өтемақылар қарастырылған.


Шахтинскідегі апаттан қаза тапқан 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі

ERNUR.KZ. Бүгін түнде Шахтинскідегі апаттан қайтыс болған 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қайтыс болған кеншілердің отбасымен тиісті медициналық және өзге де мекемелердің писхологтары жұмыс істеп жатыр. Әкімдік тарапынан ол отбасыларға қажетті көмектің бәрі көрсетіледі. Одан бөлек, ұжымдық еңбек шартына сәйкес, бұл отбасыларға шахтерлердің 10 жылдық еңбекақысы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі", - деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша ұжымдық шартта бұдан басқа да өтемақылар қарастырылған.

"Сондай-ақ, ұжымдық шарт бойынша ол отбасыларға несиесін жабу, балаларын оқыту секілді көмек көрсетіледі. Сонымен бірге биылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасыларына қосымша баспана алып беру шарасы енгізілген. Әрбір отбасыға қосымша пәтер алынады", - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты. ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.