Шалғай орналасқан разъездерде жұмыс істейтін теміржолшылар үшін арнайы үй-жай сатып алынады

0
1 126

Блоктан жасалған ыңғайлы үй-жайлар (ауа баптағыш, су жылытқыш, электрлі плита және т.б.) тамақтану мен демалуға арналған жиһаздар, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек сияқты барлық қажеттіліктермен қамтылады.


Шалғай орналасқан разъездерде жұмыс істейтін теміржолшылар үшін арнайы үй-жай сатып алынады

ERNUR.KZ. Шалғай орналасқан разъездердегі теміржолшыларға арнап, блоктан ыңғайлы үй-жайлар салынады, деп жазады ҚазАқпарат.

Желілік кәсіпорындардың өнеркәсіп қызметкерлерінің талапқа сай демалуын қамтамасыз ету компанияның басымдыққа ие мәселелерінің бірі болып қала береді.

Вахталық бригадалар тұратын қолданыстағы модульдік үйлерді жаңарту жұмыстары аясында 534 блоктан жасалған ыңғайлы үй-жай сатып алу көзделіп отыр. Олар негізінен елді мекендерден шалғай жатқан разъездер мен станцияларға орнатылады.

Блоктан жасалған ыңғайлы үй-жайлар (ауа баптағыш, су жылытқыш, электрлі плита және т.б.) тамақтану мен демалуға арналған жиһаздар, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек сияқты барлық қажеттіліктермен қамтылады.